Мен үшін достық – ұлтқа да, дінге де қарамайтын әмбебап құндылық. Адам шынайы дос тапса, бұл үлкен олжа. Көпұлтты орта бізге бір-біріміздің ерекшелігімізді қадірлеуді үйретеді. Мақсатымыз бір болса, бірге жетістікке жетеміз. Біздің қоғамда әртүрлі мәдениет үйлесім тапқан. Бұл – біздің тарихымыздың бір бөлігі. Әр халықтың өз биі, өз әні, өз тілі бар. Бірақ рухани жақындық бәрімізді біріктіреді. Бейбітшілік – бәріміз үшін ауадай қажет. Ол болмаса, даму да болмайды. Адамдар бір-бірін сыйласа, ешқандай проблема шешілмей қалмайды. Қазақстандағы келісім моделі әлемге үлгі бола алады. Себебі татулық бар жерде үнемі тыныштық орнайды. Мен осы құндылықты әрдайым қолдаймын.

Данияр Жетпісов -Зеренді ауданы жастар ресурстық орталығының басшысы