Біздің елде әр ұлт өз мәдениетін еркін сақтайды. Бұл – үлкен байлық. Себебі алуан түрлілік шығармашылықты дамытады. Мен өз ортама қарасам, бәрі тату, бір-біріне жәрдем беруге дайын. Кез келген қиындықта бірлік үлкен рөл атқарады. Тіпті мерекелерде де біз ортақ дастархан жайып, түрлі ұлт тағамдарын бірге жейміз. Бұл адамдарды жақындатады. Ұжымда да, отбасында да татулық қажет. Түсіністік болмаған жерде жұмыс жүрмейді. Әр адамның пікірі құнды, оны тыңдау – сыйластық белгісі. Достық – жүректен шығатын сезім. Оны сатып алуға да, мәжбүрлеуге де болмайды. Ол тек ашықтық пен адалдықтан туындайды. Сондықтан әр адам әуелі өз жүрегіндегі мейірімді оятуы керек. Сонда ғана келісім сақталады.

Гүлім Ескеева-волонтер