Мен көпұлтты ортада өскенімді бақыт санаймын. Бала кезден әртүрлі ұлттардың тілін естіп, дәстүрін көріп өстім. Бұл менің көзқарасымды кеңейтті. Қазір достарымның бәрі әр елдің мәдениетін сыйлайды. Біз үшін ең бастысы – адамдық қасиет. Ұлтқа бөліну деген ұғым бізде болмаған. Мектепте де, көшеде де барлығымыз тату болуға тырыстық. Кейде түсінбеушіліктер болады, бірақ сөйлескенде бәрі шешіледі. Себебі сыйластық бар жерде бәрі орнына келеді. Қазақстанда барлық этностарға жағдай жасалған. Мәдени орталықтар, тіл үйрететін курстар – бәрі де татулықты нығайтуға бағытталған. Осындай қадамдар қоғамның дамуына әсер етеді. Бірлік әрқашан күш береді. Достық пен келісім ешқашан ұмытылмауы керек.
Аяулым Казбаева -волонтер
