Достық пен келісім – адам өміріндегі ең маңызды құндылықтардың бірі. Әр ұлт өз мәдениетімен, өз дәстүрімен ерекше, бірақ бізді біріктіретін – ортақ мақсат. Бір қоғамда әртүрлі халықтардың бейбіт өмір сүруі үлкен жетістік. Қазіргі заманда татулықты сақтау оңай емес, сондықтан әр адам өзінен бастау керек. Құрмет пен түсіністік болса ғана шынайы достық пайда болады. Көпұлтты орта бізге кең ойлауды үйретеді. Адамдар бір-бірінің тілін, тағамын, өнерін көріп, жаңа дүниелерді ашады. Әртүрлі көзқарастар бір-біріне кедергі емес, қайта байлық. Келіспеушілік болған күннің өзінде сыпайы сөйлесу маңызды. Мен қоғамымыздың осы бірлігін мақтан тұтамын. Бірлігіміз болса, болашағымыз да жарқын болады. Достық ешқашан арзан нәрсе емес, ол еңбекті талап етеді. Бірақ сол еңбектің нәтижесі шексіз қуаныш әкеледі. Сондықтан да татулықты бағалау қажет.
Жанар Нуралина -көп балалы ана
