Халықтар достығы – қоғам тұрақтылығының негізгі тірегі. Әртүрлі ұлт өкілдерінің бір-бірімен сыйластықта өмір сүруі ел дамуына үлкен үлес қосады. Тарихқа қарасақ, Қазақстанда ондаған этнос ғасырлар бойы бейбіт қатар өмір сүріп келеді. Бұл дәстүр бүгінгі күнге дейін жалғасуда. Келісім, мейірім, түсіністік қасиеттері адамдарды жақындастырады. Әр ұлттың салт-дәстүрі мен мәдениетін құрметтеу — достықтың басты шарты. Қазақ халқы әрдайым кеңпейілділігімен танылған. Осы ерекшелік өзге ұлттардың елге сіңісуіне жағдай жасады. Бүгінде этностар арасындағы татулық бірліктің символына айналды. Халықтар достығы мемлекеттің саяси тұрақтылығын нығайтады. Бейбітшілік бар жерде ғана даму болады. Әр адам өз үлесін қосуға тиіс. Бірлік пен келісім — ортақ құндылық. Біз оларды мәңгі сақтауымыз керек.
Шолпан Нуртаева – Зеренді балық шаруашылығының маманы
