Көпұлтты қоғамда өмір сүру — үлкен байлық. Әр этностың өзіндік мәдениеті мен тарихы бар, олардың бәрі Қазақстанның ортақ қазынасын құрайды. Межэтника – адамдарды бөлетін емес, біріктіретін ұғым болуы керек. Тілдік және мәдени әртүрлілік біздің қоғамымызды байыта түседі. Келісім, сыйластық және жауапкершілік сезімі бірлікті күшейтеді. Халықтар арасындағы татулық күнделікті қарым-қатынастан басталады. Жақсы сөз бен ашық жүрек кез келген кедергіні жеңеді. Өзгелерді тыңдай білу – түсіністіктің белгісі. Қазақ халқының қонақжайлығы шетелден келгендердің де жүрегін жылытады. Бүгінгі ұрпақ татулықты сақтауға міндетті. Себебі бейбітшілік — ең үлкен құндылық. Халықтар достығы — мемлекет болашағының кепілі. Осы бірлік ешқашан бұзылмасын. Бірлік барда тірлік бар.
Серік Баймурзмн- Зеренді ауданы билер алқасының бас биі
