Межэтникалық қатынастарды тиімді сақтау — әр мемлекеттің міндеті. Қазақстанда бұл бағытта үлкен жұмыс жүргізіліп келеді. Әр этнос өкілі өзін еркін сезінуі — қоғамның парасаттылығын көрсетеді. Келісім мен төзімділік арқылы адамдар арасындағы сенім артады. Халықтар достығы – экономикалық және әлеуметтік тұрақтылыққа ықпал етеді. Мәдени әртүрлілік жаңа идеялардың пайда болуына жол ашады. Әртүрлі ұлттың өкілдері бір-бірінен үйренеді. Бұл өзара байытатын процесс. Қазақ халқының бауырмалдылығы ұлттар арасындағы көпір іспетті. Бірлік жолында атқарылатын жұмыс әлі де көп. Ең маңыздысы – сыйластықты жоғалтпау. Әр адам өз іс-әрекеті арқылы татулыққа үлес қоса алады. Болашақ жастардың қолында. Олар достықты әрі қарай дамытуы тиіс.

Ляззат Адилова – Зеренді аудандық ауруханасының лаборанты