Келісім – ұлттар арасындағы қарым-қатынастың басты ұстанымы. Адамдар бір-біріне құрметпен қараса, қоғамда дау азаяды. Қазақстан бұл қағиданы ұзақ жылдар бойы сақтап келеді. Әр этнос өз мәдени күндерін, мерекелерін еркін атап өте алады. Бұл — сенім мен еркіндіктің белгісі. Халықтар достығы еліміздің әлемге танылуына әсер етті. Қазақстан бейбітшілік моделінің жарқын мысалы ретінде танылады. Межэтника қатынастарының тұрақтылығы елдің даму қарқынын күшейтеді. Әр түрлі мәдениет өкілдерінің бір үстелде бас қосуы — ерекше құбылыс. Бұл адамдар арасындағы сыйластықтың көрінісі. Әркім өзінің тамырын ұмытпауы керек. Бірақ сонымен бірге ортақ қоғамға үлес қосуы қажет. Бірлік – біздің байлығымыз. Ол мәңгі болсын.
Зейнегүл Қазияқпарова- Зеренді ауданы ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары
