Көпұлтты қоғамда түсіністік пен келісім ерекше маңызды. Әр адам өзге халықтарға құрметпен қарағанда ғана достық орнайды. Қазақстанда этностардың бірлігі тарихи дәстүрге айналған. Бұл дәстүрді сақтап, келешекке жеткізу — бүгінгі ұрпақтың міндеті. Межэтникалық келісім мемлекеттің дұрыс даму бағытын көрсетеді. Себебі тұрақты елде ғана өркендеу болады. Халықтар арасындағы достық мәдениет алмасуына мүмкіндік береді. Ол шығармашылыққа да, ғылымға да, білімге де оң әсер етеді. Бірлік арқылы халықтың рухы көтеріледі. Келісімсіз қоғамда қайшылық көбейеді, ал ынтымақ бар жерде бейбітшілік орнығады. Қазақ халқы әрқашан татулыққа шақырған. Бұл қасиетті бағалауымыз керек. Достық — ең құнды мұра. Оны сақтау — баршамыздың міндетіміз.
Жанна Түлкібаева – Зеренді ауданы аналар кеңесі төрайымының орынбасары
