Межэтникалық қарым-қатынастар ел болашағына әсер ететін маңызды сала. Бұл қатынастардың бейбіт болуы — қоғам тұрақтылығының кепілі. Қазақстанда ұлттар арасындағы достық ерекше орын алады. Келісім мен толеранттылық мәдениеті ғасырлар бойы қалыптасты. Әр халық өзінің тілі мен дәстүрін сақтап отыр. Бұл — еркіндік пен сенімнің белгісі. Достық пен ынтымақ адамдарды біріктіреді. Әртүрлі этностардың өкілдері бір-бірімен етене араласып келеді. Халықтар арасындағы татулық экономикалық және әлеуметтік дамуға әсер етеді. Келісімсіз қоғамда қайшылық көп болар еді. Сондықтан бұл құндылықты сақтау — әр азаматтың міндеті. Қазақ халқының даналығы осы жолды таңдауға мүмкіндік берді. Бірлік — біздің басты күшіміз. Оны қастерлеу — парызымыз.
Асем Гизат- волонтер
