Біздің ауылда әртүрлі ұлттың адамдары тұрады, бәрі тату. Бірге жұмыс істейміз, бірге той тойлаймыз. Біреудің қуанышы – бәріміздің қуанышымыз. Осындай татулық өте жақсы ғой. Әркім өз дәстүрін көрсетеді, оны көру қызық. Бірге жүрген соң көп нәрсені үйренесің. Жақсы көрші – жарты бақыт дейді, сол рас. Татулық бар жерде өмір тыныш. Ұрыс-керіс болмайды. Адамдар бір-біріне сенеді. Сенім болса, бәрі дұрыс жүреді. Сондықтан халықтар достығын сақтау керек. Ол бізге күш береді.

Асем Гизат- волонтер