Менің ойымша, халықтар арасындағы достық өте маңызды. Біз көпұлтты елде тұрамыз, сондықтан бір-бірімізді құрметтеуіміз керек. Әр халықтың салты мен тілі бар. Соларды білу қызықты әрі пайдалы. Егер адамдар тату болса, ел дамиды. Келіспеушілік болса, бәрі қиындайды. Сондықтан достықты сақтау қажет. Мектепте де біз түрлі ұлттың балалары бірге оқимыз. Бұл бізді жақындастырады. Достық бізді жақсы адам болуға үйретеді. Татулық бар жерде тыныштық болады. Сол үшін әрқашан бірлік керек. Достық – күш.

Сандуғаш Қалиева -волонтер