Халықтар достығы — ең әсем өрнекке ұқсайды. Әр ұлт – сол өрнектің бір түсі, бір сызығы. Бірі болмаса, сурет толық шықпайды. Бірі үндессе, барлығы жарқырай түседі. Достық адамдардың жүрегін жылытады. Ол жел соққан кезде де сынбайтын мықты ағаш тәрізді. Әр мәдениет өзінің әуені мен дәстүрін алып келеді. Сол әуендер бірігіп әдемі симфонияға айналады. Татулық бар жерде өмір жеңіл. Адамдар бір-бірін тыңдап, түсіне бастайды. Қолдау көрсеткен сайын сенім артады. Сенім болса, қоғам гүлденеді. Халықтар достығы – болашаққа бастар жарық жол.

Гүлім Ескеева – волонтер