Достық пен келісім көпұлтты мемлекеттің тірегі. Халықтар тату болса, елде тұрақтылық орнайды. Әр ұлт өз салт-дәстүрін сақтай отырып, басқаларды да құрметтей алады. Бұл өзара сенімді күшейтеді. Келісім — бейбітшіліктің бастауы. Достық адамдарды біріктіреді. Татулық орнаған жерде даму да болады. Ұлттар арасындағы мейірім қоғамды көркейтеді. Бірлік елдің қуатын арттырады. Әркім келісімге үлес қоса алады. Ол үшін өзгенің пікірін құрметтеу жеткілікті. Халықтар достығы болашақты жарқын етеді. Мұндай құндылықтарды сақтау – асыл міндет.

Зейнегүл Қазияқпарова -Зеренді ауданы ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары