Достық — адамдар арасындағы емес, халықтар арасындағы да алтын көпір. Бұл көпірді сақтау үшін құрмет пен түсіністік қажет. Қазақстандағы этносаралық келісім — әлемде сирек кездесетін үлгі. Біз бір шаңырақ астында ортақ мақсатпен өмір сүріп жатырмыз. Әр ұлттың мәдени мерекелері қоғамды біріктіреді. Олар бір-бірінің салт-дәстүрін танып, құрметтеп үйренеді. Тілдердің байлығы да біздің қазынамыз. Барлық халыққа тең мүмкіндік беру — мемлекеттің саясатының бір бөлігі. Бұл мүмкіндік елді нығайтады. Халықтар өзара сыйласып, татулықта өмір сүрсе, ешқандай дау-дамай болмайды. Келісім – тек сөз емес, ол күнделікті өмірде көрініс табатын құндылық. Біз оны ең маңызды міндеттердің бірі ретінде қарауымыз керек. Себебі татулық – болашақтың жарқын кепілі.

Ляззат Адилова – Зеренді аудандық ауруханасының лаборанты