Қазақстан халқының бірлігі – еліміздің ең маңызды жетістігі. Әр этнос өз мәдениетімен ерекшеленеді, бірақ бәрін біріктіретін ортақ Отан бар. Халықтар арасында түсіністік болса, ешқандай кедергі тосқауыл болмайды. Достық – адамды да, қоғамды да жақсартады. Біздің елдегі татулық шынайы құрметке негізделген. Мектептер мен орталықтарда түрлі этномәдени шаралар өтеді. Олар балаларды толеранттылыққа тәрбиелейді. Осындай іс-шаралар адамды ашық және ізгі етеді. Көпұлттылық – біздің күшіміз. Ол елдің ерекше беделін қалыптастырады. Халықтар достығын сақтау – қоғамның ортақ парызы. Тарих көрсеткендей, бірлік болған ел ешқашан әлсіремейді. Сондықтан достық құндылығын жоғалтпау маңызды.

Зейнегүл Қазияқпарова – Зеренді ауданы ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары