Халықтар арасындағы достық – тарихқа сүйенген ұғым. Қазақ халқы ежелден қонақжай болғандықтан, түрлі ұлт өкілдерін құшақ жая қарсы алған. Бұл қасиет бүгінге дейін жалғасып келеді. Елде әр этносқа тең құқық берілген. Мұндай жағдай бірлікті нығайтады. Халықтар бір-бірінен үйрене отырып, жақындай түседі. Мәдени айырмашылықты байлық ретінде қабылдау маңызды. Сол кезде қоғамда түсіністік орнайды. Достық — бейбіт өмірдің кілті. Әр ұлт өз салтын сақтай отырып, ортақ құндылықтарды да құрметтейді. Бұл – нағыз келісімнің көрінісі. Сондықтан Қазақстандағы достық атмосферасы ерекше.

Жанна Түлкібаева – Зеренді ауданы аналар кеңесі төрайымының орынбасары