Халықтар арасындағы достық – қоғамдық үйлесімнің басты тірегі. Қазақстанда бұл құндылық ерекше сақталып келеді. Әр этнос өз мәдениетін дамытуға мүмкіндік алады. Мәдениет үйлесімі елдің рухани байлығын арттырады. Адамдар бірігіп, түрлі мерекелерді бірге атап өтеді. Бұл олардың жақындасуына ықпал етеді. Бір-бірін түсіне білу – татулықты нығайтады. Тілдің әртүрлі болуы ешқашан кедергі емес. Керісінше, ол біздің алуан түрлілігімізді көрсетеді. Достық әр адамның жүрегіндегі мейірімнен басталады. Сол мейірім қоғамға жылу береді. Бірлік бар жерде тұрақтылық бар. Халықтар достығын сақтау – әр азаматтың борышы. Себебі бейбітшілік – ең қымбат құндылық.
Гүлнар Ибраева – Зеренді ауданы аналар кеңесінің төрайымы
