Достық пен келісім – бейбітшілікке бастайтын жол. Қазақстан халқы осы жолмен жүріп келеді. Біз әртүрлі халықтардың шағын әлемін құрдық. Бұл әлемде әр тіл мен мәдениет өз орнын тапқан. Халықтар бір-бірімен тығыз байланыста өмір сүреді. Өзара көмек пен мейірім тұрақтылықты нығайтады. Татулықтың арқасында біз дамып келеміз. Әр ұлттың өкілі өзін қауіпсіз және еркін сезінуі тиіс. Бұл сезім достық атмосферасын қалыптастырады. Келісім орнаған қоғамда алауыздық болмайды. Адамдар бір-біріне сенім артады. Сол сенім мемлекеттің болашағын айқындайды. Сондықтан әркім достыққа өзінше үлес қосуы керек.
Милана Әшімбек – ҚХАА мүшесі
