Қазақстандағы келісім – саналы таңдаудың нәтижесі. Халықтар өзара ынтымақ пен сыйластықты жоғары қояды. Жыл сайын түрлі мәдени фестивальдер өтеді. Олар халықтарды жақындастырады. Достық адам жүрегіндегі жылулықтан басталады. Сол жылулық қоғамды біріктіреді. Әрбір ұлт өзін осы елдің маңызды бөлігі ретінде сезінеді. Бұл – нағыз теңдіктің көрсеткіші. Өзара құрмет болмаса, татулық та болмайды. Сондықтан біз әр ұлттың құндылығын бағалай білуіміз керек. Халықтар арасындағы келісім – елдің болашағына салынған көпір. Бұл көпірді сақтау – ортақ міндет. Бірлік бар жерде әрқашан жеңіс болады.
М.Нұғыманов – Кіші Түкті ОМ директоры
