Достық – адамның рухани қажеті. Ал халықтардың достығы – қоғамның қажеттілігі. Қазақстанда бұл құндылықтар үйлесім тапқан. Әр ұлт өз мәдениетін насихаттай алады. Бұл үшін барлық жағдай жасалған. Мұндай еркіндік татулықтың негізін қалайды. Адамдар әртүрлі болғанымен, ортақ құндылықтар бәрін біріктіреді. Олар – бейбітшілік, мейірім, сыйластық. Соның арқасында елде тұрақтылық сақталып тұр. Тілдер мен мәдениеттердің қатар дамуы ерекше орта қалыптастырады. Осы ортада өмір сүру – нағыз байлық. Біз достықты ұрпаққа аманаттауымыз керек. Өйткені болашақ бірлікке тәуелді.
Ж.Талдин – Өркен ауылы ЖББОМ директоры
