Қазақстан – достық пен татулықтың мекені. Мұнда көптеген этностар бір-бірімен ынтымақтаса өмір сүреді. Әр ұлттың мәдениеті ерекше, бірақ бәрін біріктіретін ортақ құндылықтар бар. Олар – бейбітшілік, өзара құрмет және келісім. Халықтар достығы қоғамның дамуына ықпал етеді. Бірлік бар жерде мықты мемлекет құрылады. Қазақстан халқы Ассамблеясы да осы мақсатқа қызмет етеді. Ол әр этносқа өз мәдениетін дамытуға мүмкіндік береді. Түрлі фестивальдер мен іс-шаралар ұлттардың жақындасуына жағдай жасайды. Жастар келісім идеясын бойына сіңірсе, болашақта татулықты сақтай алады. Біздің елдің басты күші – ынтымақтастық. Әр азамат достықты бағалауы тиіс. Сонда ғана қоғамда тұрақтылық нығаяды.

Ляззат Адилова – Зеренді аудандық ауруханасының лаборанты