Халықтар достығы – елдің тыныштығының кепілі. Қазақстан сияқты көпұлтты мемлекетте келісімнің маңызы ерекше. Әрбір халықтың өз мәдениеті, тілі және тарихы бар. Соған қарамастан, бәрі бір қауым болып өмір сүре алады. Бұл – достықтың үлкен жетістігі. Татулық орнаған ортада адамдар бір-біріне көмек көрсетуден қашпайды. Мерекелерде түрлі этностар өз өнерін көрсетіп, халық бірлігін нығайтады. Бала кезден достық туралы тәрбие беру өте маңызды. Себебі жас буын ел ертеңіне жауапты. Қоғамда түсіністік болса, кез келген қиындықты жеңуге болады. Халықтар арасындағы достық мемлекет тұрақтылығының негізін құрайды. Басқа ұлтты құрметтеу – өз мәдениетіңді құрметтеумен тең. Сол себепті татулықты сақтау бәріміздің парызымыз.
Милана Әшімбек – ҚХАА мүшесі
