Қазақстан – көпұлтты мемлекет, мұнда түрлі халықтар бейбіт өмір сүріп келеді. Бұл татулық кездейсоқ емес, ол ұзақ жылдар бойы қалыптасқан құндылық. Әрбір азамат өзге ұлтты сыйлауды бала кезінен үйренеді. Мектепте де, қоғамда да бірлік жайлы жиі айтылады. Бұл ұрпақты дұрыс бағытқа бағыттайды. Түсіністік пен мейірімділік әрдайым татулықтың негізін құрайды. Әр этнос өзінің тарихын дәріптеп қана қоймай, басқа халықтардың дәстүрін де құрметтейді. Осылайша рухани байлық арта түседі. Бірлікке қол жеткізген ел ешқашан жеңілмейді. Халықтар арасындағы ынтымақ мемлекеттің тұрақтылығын күшейтеді. Татулықты сақтау – келер ұрпақ үшін маңызды мұра. Сондықтан әркім өз ортасында бірлікті дәріптеу керек. Татулық бар жерде бақ та болады.

М.Нұғыманов- Кіші түкті ОМ директоры