Достық адам жүрегінен басталатыны белгілі. Ал халықтар арасындағы достық — одан да үлкен мағынаға ие. Қазақстанда ондаған этнос тату-тәтті ғұмыр кешіп жатыр. Олар бір-бірінің мәдениетін мойындайды, құрметтейді. Осындай құрметтің арқасында қоғамда тыныштық орнайды. Халықтар достығы елдің дамуына серпін береді. Татулық орнаған жерде жастар өз болашағына сеніммен қарайды. Мектептерде әр түрлі ұлт балалары бір партада білім алады. Бұл олардың ерте жастан толерант болуына ықпал етеді. Келісімге негізделген ортада ынтымақтастық артады. Әр азамат өз іс-әрекетімен бейбітшілікке үлес қоса алады. Достықты сақтау — саналы қоғамның белгісі. Оны қорғау — біздің міндетіміз.
Данияр Жетпісов – Зеренді ауданы жастар ресурстық орталығының басшысы
