Қоғамда бейбітшілік пен келісім орнауы үшін ең алдымен халықтар арасында өзара сыйластық болуы керек. Қазақстанда барлық этносқа тең жағдай жасалған. Бұл бірлікке жол ашады. Халықтар арасындағы достық түрлі салада көрініс табады: білімде, өнерде, ғылымда және тұрмыста. Әр ұлттың салт-дәстүрін құрметтеу — бұл адамның мәдениетінің белгісі. Достық орнаған жерде адамгершілік те арта түседі. Бір-біріне көмектесуге дайын адамдар қоғамды мықты етеді. Қазақстан халқы Ассамблеясы да осы татулықты сақтауға үлкен үлес қосады. Түрлі мәдени шаралар этностарды жақындастырады. Бұл халықтардың бірлігін нығайтады. Әркім татулықты бағалай білсе, қоғамда тұрақтылық болады. Достық — баға жетпес байлық.

Асем Гизат – волонтер