Бірлік пен татулық – елдің болашағын айқындайтын маңызды құндылықтар. Қазақстанда көптеген этнос өкілдері бір үйдің баласындай өмір сүреді. Бұл – достықтың нақты көрінісі. Әр ұлт мәдениетімен, өнерімен елдің рухани байлығын арттырады. Халықтар достығы қоғамда өзара түсіністік қалыптастырады. Әр азамат толерант болуға тырысады. Бай мәдени әртүрлілік – күшті мемлекет құруға мүмкіндік береді. Қоғамда әр адам өз орнын таба алады. Достық пен келісім сақталған елде адамдар қиындыққа бірге қарсы тұрады. Ұлттар арасындағы ынтымақ мемлекеттің дамуына жол ашады. Жастар татулықтың маңызын түсініп өсуі тиіс. Оларды бірлікке тәрбиелеу – бәріміздің міндетіміз. Достық неғұрлым мықты болса, ел соғұрлым дамиды.

Гүлнар Ибраева – Зеренді ауданы аналар кеңесінің төрайымы