Қоғамдағы келісім – прогрестің басты қозғаушы күші. Халықтар арасындағы достықсыз ешбір ел тұрақты дами алмайды. Қазақстанда этностардың тату өмір сүруі – отандастарымыздың парасаттылығының көрінісі. Әр ұлт өз мәдениетін сақтай отырып, ортақ құндылықтарды құрметтейді. Бұл өзара сенімді арттырады. Достық орнаған ортада адамдар бір-біріне жақын болады. Бірлік бар жерде игілікті істер көп жасалады. Келісім – бейбіт өмірдің кепілі. Мектептерде балалар түрлі халықтардың дәстүрімен танысады. Бұл олардың толерант тұлға болып қалыптасуына әсер етеді. Қоғамдағы бірлік — елдің тұрақтылығының іргетасы. Халықтар арасындағы татулықты сақтау – әр адамның міндеті. Татулық баршаға ортақ игілік.

Оралбек Бекішев – Зеренді ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы