Татулық пен достық – адамның ішкі мәдениетінен басталады. Ішкі мәдениеті бар адам өзгелерге құрметпен қарайды. Құрмет арқылы сенім қалыптасады. Сенім халықтар арасындағы байланысты күшейтеді. Ортақ құндылықтар елді біріктіреді. Әр ұлт өз мәдениетін сақтай отырып, өзгелерді де құрметтеуі тиіс. Бұл – адамгершілік белгісі. Халықтар арасындағы келісім мектептен, отбасынан басталады. Балалар бір-бірімен тату болса, ертең ел де тату болады. Татулық – дамудың басты шарты. Бұл шарт орындалса, мемлекет өркендейді. Экономикалық жетістіктер де татулыққа тәуелді. Сондықтан халықтар достығын сақтау – баршаның ісі. Достық бар жерде береке орнайды.
Ляззат Адилова-Зеренді аудандық ауруханасының лаборанты
