Халықтар арасындағы татулық – адамдардың өзара келісімінен басталады. Келісім – қақтығыстың алдын алатын күш. Әр адам өз әріптесіне, көршісіне түсіністікпен қарауы тиіс. Бұл қарапайым әрекеттер татулықты қалыптастырады. Халықтар достығы арқылы біз бір-бірімізден үйренеміз. Бұл – мәдени алмасудың керемет мысалы. Әлеуметтік тұрақтылық ұлтаралық келісімге тікелей байланысты. Тұрақтылық болған жерде даму да болады. Дамудың жолы – ынтымақтастық. Әр ұлт өзінің ерекшелігін сақтай отырып, ортақ мақсаттарға бірге ұмтылуы керек. Бірліксіз болашақ бұлдыр. Бірақ татулық бар жерде үміт те бар. Сондықтан халықтар достығын сақтау – бәріміздің парызымыз.
Жандос Талдин- Өркен ауылы ЖББОМ директоры
