Ұлттар арасындағы достық – көп ғасырлық тәжірибенің нәтижесі. Қазақ жері әрқашан қонақжай болды. Бұл қасиет ұлтаралық татулықтың негізін қалады. Бүгінгі күні түрлі халықтардың өкілдері бір үйдің баласындай өмір сүреді. Бұл – үлкен жетістік. Татулық экономикалық тұрақтылықты да қамтамасыз етеді. Халықтар ынтымақтасса, жаңа жобалар жүзеге асады. Әлеуметтік байланыстар да нығаяды. Әр ұлт өз мәдениетін таныстыра алады. Бұл – мәдени байлықтың артуы. Қоғам толерант болуға тырысуы тиіс. Толеранттылық – түсінікті арттырады. Түсіністік болған жерде қақтығысқа орын жоқ. Сондықтан халықтар арасындағы достықты сақтау – басты міндет.

Милана Әшімбек – ҚХААмүшесі