Мен көпұлтты ортада өстім, сондықтан халықтар достығы мен үшін өмірдің ажырамас бөлігі. Кішкентай кезімнен әртүрлі ұлт өкілдерімен бірге оқыдым. Біз бір-біріміздің салт-дәстүрімізді құрметтеуді үйрендік. Достық бізді жақындастырды. Әр халықтың мәдениеті ерекше екенін түсіндім. Сол ерекшеліктер өмірді қызықты етеді. Келіспеушілік болса, оны сыйластықпен шешуге болады. Бірлік бар жерде береке бар деп ойлаймын. Халықтар арасындағы татулық елдің тұрақтылығының кепілі. Егер адамдар бір-бірін тыңдай білсе, түсіністік орнайды. Мен үшін келісім – бейбіт өмірдің негізі. Болашақта да осы құндылық сақталуы керек. Себебі достық – баршаға ортақ байлық.
Данияр Жетпісов- Зеренді ауданы жастар ресурстық орталығының басшысы
