Мен Қазақстанда өмір сүргеніме мақтанамын, себебі бұл елде көптеген ұлт тату тұрады. Күнделікті өмірде біз мұны анық көреміз. Әртүрлі ұлт өкілдері бір мақсатта еңбек етеді. Достық бізді біріктіреді. Халықтар келісімі бейбіт өмірдің негізі деп ойлаймын. Егер келісім болмаса, қоғам әлсірейді. Мен адамдардың бір-біріне түсіністікпен қарағанын қалаймын. Әр ұлттың тілі мен мәдениеті – байлық. Біз сол байлықты сақтауға тиіспіз. Бірлік – елдің күші. Достық бар жерде қорқыныш болмайды. Татулық – тұрақты болашақтың кепілі. Осы құндылықтар әрқашан сақталуы керек.

Асем Гизат – волонтер