Біздің еліміздегі ең басты байлықтардың бірі – халықтар арасындағы достық пен келісім.
Әр ұлттың салт-дәстүрі, мәдениеті мен тілі бар, бірақ бәрімізді біріктіретін ортақ шаңырағымыз – Қазақстан.
Көпұлтты қоғамда татулық пен өзара сыйластық болмаса, тұрақтылық орнамайды.
Сондықтан бірлікті сақтау – әрбір азаматтың парызы.
Қазақ халқы ежелден қонақжайлығымен, кеңпейілдігімен ерекшеленген.
Бұл қасиет өзге ұлт өкілдерін бауырына тартып, бір үйдің балаларындай өмір сүруге мүмкіндік берді.
Достық бар жерде өзара сенім қалыптасады.
Ал сенім – болашаққа нық қадам басуға жол ашады.
Бүгінгі таңда жастарымыз бір-бірінің мәдениетін үйреніп, сыйлап өсіп келеді.
Осы арқылы ел ішіндегі ынтымақ арта түсуде.
Келісім – тек сөзде емес, күнделікті істе көрінуі тиіс.
Жақсы қарым-қатынас пен қолдау – қоғамдағы бейбітшіліктің кепілі.
Біздің Отанымыз көпұлтты болғанымен, жүрегіміз бір.
Сондықтан әрбіріміз достық пен татулықты сақтап, нығайтуға үлес қосуымыз қажет.
Елдің ертеңі – бейбіт өмір мен келісімге негізделген.

Гүлнар Ибраева- Зеренді ауданы аналар кеңесінің төрайымы