Халықтар арасындағы достық – бейбіт өмірдің кепілі. Әлемде қақтығыстардың көп болуы келісімнің жетіспеуінен туындайды. Сондықтан татулықты сақтау әр қоғам үшін маңызды. Әртүрлі ұлт өкілдері бір-бірінен үйрене алады. Бұл өзара мәдени алмасуға жол ашады. Мәдени алмасу адамдардың ой-өрісін кеңейтеді. Кең ойлайтын адам өзгеге құрметпен қарайды. Құрмет бар жерде түсіністік те болады. Қазақстанда халықтар достығы ғасырлар бойы қалыптасқан. Бұл елдің басты байлығы болып саналады. Әр азамат осы байлықты сақтауға үлес қосуы керек. Сонда ғана қоғамда тұрақтылық пен бейбітшілік орнайды.

Сандуғаш Қалиева- волонтер