Халықтар достығы – бейбіт өмірдің басты шарты. Әртүрлі ұлттардың бір мақсатқа бірігуі елдің күшін арттырады. Егер адамдар бір-бірін құрметтесе, қоғамда түсініспеушілік азаяды. Түсіністік бар жерде өзара көмек те болады. Өзара көмек адамдарды жақындастырады және ортақ жауапкершілік қалыптастырады. Қазақстанда көптеген ұлттар мен ұлыстар бір шаңырақ астында өмір сүреді. Олар бір-бірінің мәдениетін танып, дәстүрін сыйлайды. Бұл өз кезегінде ұлттық бірлікті күшейтеді. Бірлік елдің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Жастар халықтар достығын сақтауда ерекше рөл атқарады. Олар ашық көзқарасты болып, өзгелерді қабылдай білуі тиіс. Осындай қасиеттер арқылы болашақта бейбіт әрі тату қоғам құрылады.

Гүлнар Ибраева – Зеренді ауданы аналар кеңесінің төрайымы