Достық – шекараны білмейтін ұлы сезім. Ол ұлтқа, нәсілге, дінге қарамайды. Адамдардың жүрегін біріктіретін нәрсе – адамгершілік пен мейірім. Халықтар арасындағы келісім сол мейірімнен бастау алады. Егер біз бір-бірімізге жаны ашитын болсақ, ешқашан жауласпаймыз. Барлығымыздың армандарымыз ұқсас: бейбітшілік, бақыт, отбасымыздың амандығы. Бұл ортақ армандар бізді туыстай жақындастырады. Білім мен мәдени алмасу да достықты нығайтады. Шетелге шыққан адам өз елінің бейнесін танытып, өзі де жаңа ойлармен оралады. Сондай байланыстар әлемді кішкентай әрі жылы етіп көрсетеді. Татулықсыз даму жоқ, өйткені тұрақсыз ортада ешбір жоба жүзеге аспайды. Сондықтан келісім – прогрестің іргетасы. Осы іргетасты берік ету баршамыздың қолында.

Сандугаш Калиева -волонтер