Бүгінгі таңда халықтардың достығы бұрынғыдан да маңызды. Ақпарат көп, алайда түсіністік жетіспейтін кездер болады. Осындай сәтте адамгершілік пен шыдамдылық қажет. Бір ұлттың қуанышы – бәріміздің қуанышымыз, бір ұлттың қайғысы – ортақ қайғы. Достық шекарадан да, тілден де биік тұрады. Ортақ құндылықтарымыз – бейбіт өмір, білім, отбасы, еңбек. Егер біз сол құндылықтар төңірегінде біріге білсек, ешқандай іріткі жүрмейді. Тарихта талай ауыр кезең болды, бірақ халықтар бірліктің арқасында олардан өтті. Достыққа су сеуіп, оны әлсірету оңай, ал нығайту үшін еңбек керек. Әр адам өз жүрегіндегі ренішті емес, мейірімді күшейтуі тиіс. Сонда ғана келісім шынайы болады. Бірліктің сәулесі – елдің жарқын болашағы.

Асем Гизат -волонтер