Достық пен келісім адамның арманына қанат бітіреді. Жан-жағында сенімді достары бар адам өзін жалғыз сезінбейді. Ол кез келген істі бастауға батылы жетеді. Халықтар достығы да дәл солай – ол бүкіл елге сенім сыйлайды. Ортақ мақсат – ортақ қуаныш көзі. Бірге салынған мектеп, бірге ашылған мәдени орталық адамдардың жүзін жадыратады. Онда күлімсіреу көп, үміт мол. Достықта бәсекелестік емес, шабыт бар. Әр адам өз жақсы қасиетін ашуға ұмтылады. Біз бір-бірімізді қолдағанда өзімізді де күшейтеміз. Бір-біріміздің жетістігімізді көріп қуана білу – үлкен мәдениет. Осындай қуанышқа толы қоғамда өмір сүру – нағыз сый.

Гүлнар Ибраева -Зеренді ауданы аналар кеңесінің төрайымы