Халықтар достығы – бейбітшілік пен тұрақтылықтың алтын көпірі. Бұл көпірді сақтау оңай емес, бірақ ол аса қымбат. Әр ұлттың тарихында қиын кезеңдер болған, алайда татулық оларды еңсеруге көмектескен. Бірге күліп, бірге еңбектенген халықтың жүрегі жақын болады. Келісім – тек сөз емес, іс-әрекетпен дәлелденетін құндылық. Өзгеге қол ұшын созу да достықтың бір көрінісі. Мектептегі, жұмыстағы және күнделікті өмірдегі сыйластық қоғамның бет-бейнесін қалыптастырады. Егер адамдар бір-біріне қабақ шытпай, жылы сөз айта білсе, талай мәселе өздігінен шешілер еді. Тар мәдени шеңберде қалмай, өзгеден үйрену өмірімізді толықтырады. Мәдени алмасу жүректерді жақындатады. Сондықтан келісім мен достықты насихаттау – бүгінгі күннің талабы. Бұл – ертеңгі ұрпақтың аманатындай қасиетті міндет.
Қуанышбек Албаев -Зеренді ауданы ардагерлер кеңесінің мүшесі
