Келісім – тек құжатта жазылған сөз емес, ол адамдардың жүрегіндегі сезім. Халықтар достығы осы сезімнен нәр алады. Егер ұлттар бір-бірін құрметтесе, қоғамда түсіністік күшейеді. Құрмет бар жерде қақтығысқа орын жоқ. Біздің елімізде көптеген этностар бейбіт өмір сүруде, бұл – үлкен байлық. Әрқайсысының тілі мен мәдениетін сақтауға жағдай жасалуы – келісімнің белгісі. Ортақ мерекелер, мәдени шаралар адамдарды жақындастырады. Олар бір дастарқан басында отырып, жүректен шыққан әңгіме айта алады. Осындай сәттерде достықтың шынайы күші сезіледі. Бірлікке тәрбиелеу мектептен басталады, бірақ оның негізі отбасында қаланады. Ата-ана үлгісі – ең үлкен тәрбие. Келісім мен достықты бағалай білген ұрпақ жарық болашақ құрады.
Оралбек Бекішев- Зеренді ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы
