Халықтар достығы – өркениеттің қозғаушы күші. Әртүрлі мәдениет жүздескен жерде жаңа идеялар пайда болады. Бұл идеялар ғылымды да, өнерді де байытады. Келісім адамның ішкі мәдениетінен бастау алады. Егер әр адам айналасына ізгілікпен қараса, үлкен қоғам да ізгілікті болады. Тату көршілік қатынас мемлекеттің беделін көтереді. Көпұлтты елде заңға ғана емес, ар-ожданға да сүйену керек. Қайырымдылық, мейірім, кешірім секілді қасиеттер достықты нығайтады. Қоғамда әркім өз орнын тапқанда алауыздыққа орын қалмайды. Ортақ құндылықтар – бейбіт өмір, әділдік және құрмет – бәрімізді біріктіреді. Сол құндылықтарды сақтау – болашақ алдындағы жауапкершілік. Бірлікті бағалай білген халық ешқашан жеңілмейді.

Данияр Жетпісов -Зеренді ауданы жастар ресурстық орталығының басшысы