Келісім мен халықтар достығының құны өлшеусіз. Соғыссыз өмір сүру – адамзаттың басты арманы. Бұл арман татулық арқылы ғана жүзеге асады. Әр ұлттың тілі – оның жаны, ал ол жанға құрметпен қарау – адамгершілік белгісі. Біз өзгелерді құрметтей отырып, өзімізді де құрметтейміз. Көшеде, мектепте, жұмыс орнында әртүрлі ұлт өкілдерін көріп, олармен араласамыз. Бұл бізді ашық, кең ойлы болуға үйретеді. Сtereотиптерден арылу да келісімнің маңызды бөлігі. Адамды ұлтына қарап емес, жүрегіне қарап бағалау керек. Достық адамдар арасындағы шекараны өшіреді. Бірлік пен татулық тұрғанда ешқандай дау қоғамды бұза алмайды. Сондықтан келісімді сақтау – баршамыздың ортақ міндетіміз.
Сандуғаш Қалиева – волонтер
