Сондықтан олардың санасына достық пен келісім құндылықтарын сіңіру маңызды. Біз түрлі этностардың жастарын бір ортада біріктіріп келеміз. Ортақ жобалар оларды жақындастырады. Бірге еңбектенген жастар бір-бірін жақсы түсінеді. Волонтерлік, спорт, шығармашылық – біріктіруші көпір. Әр тіл – байлық, әр дәстүр – мектеп. Жастар бір-бірінен үйренсе, ел дамиды. Қарым-қатынаста ашықтық пен сыйластықты басты қағида еткен жөн. Біздің мақсат – бөлінушілікке жол бермеу. Достық орта қалыптасса, радикалды ойларға орын қалмайды. Келісім – белсенді, білімді, жауапты жастардың таңдауына айналуы тиіс.

Данияр Жетпісов – Зеренді ауданы жастар ресурстық орталығының басшысы