Біз соғыс пен қиындық жылдарын көрдік, сондықтан татулықтың қадірін жақсы білеміз. Адамдар бірін-бірі құрметтеген жерде ғана шынайы бейбітшілік орнығады. Әр ұлттың тілі мен салты – ортақ қазына. Сол қазынаны қадірлеу – жас ұрпаққа үлгі. Бірлік бар жерде – береке бар. Келіспей қалатын сәттер болса да, келісім таба білу – парасаттың белгісі. Біздің ұрпақ әрдайым ауызбірлікті бірінші орынға қойды. Қазір де ел ішіндегі татулықты сақтау – барша азаматтың міндеті. Достық дәнін егу – ең үлкен еңбек. Оны баптау үшін сабыр, түсіністік және әділдік керек. Болашаққа бейбіт мұра қалдыру – біздің борышымыз.

Оралбек Бекішев -Зеренді ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы