Мен ерікті ретінде жастармен жиі жұмыс істеймін. Біз бірге экологиялық акцияларға, әлеуметтік жобаларға қатысамыз. Сол кезде ұлты әртүрлі, бірақ мақсаты бір жандарды көремін. Бұл мені шабыттандырады. Достықты сөзбен емес, іспен дәлелдеуге болады. Бірге ағаш отырғызу, бірге қарияларға көмектесу — міне нағыз келісімнің көрінісі. Біз бір-бірімізден үйренеміз. Әр халықтың салты мен дәстүрі біз үшін қызықты. Осы арқылы көзқарасымыз кеңейеді. Кікпе-наразылыққа емес, түсіністікке үндеу маңызды. Болашақ біздің қолымызда екенін сезінеміз. Біз оны бейбіт, тату етіп құруға тырысамыз. Бұл – менің өмірлік ұстанымым.

Сандуғаш Қалиева – волонтер