Мен күн сайын әртүрлі ұлттан шыққан жастармен жұмыс істеймін. Олардың көзінде үлкен энергия мен үміт бар. Жастар үшін ұлт айырмашылығы басты емес, олар ортақ мүмкіндіктерді көреді. Біз олармен бірге жобалар жасап, еріктілікпен айналысамыз. Осы жұмыстарда достық пен ынтымақ айқын сезіледі. Жастардың санасында стереотип емес, ашықтық басым болғанын қалаймын. Себебі ертеңгі елді олар басқарады. Қазіргі заманда келісім – ең маңызды капитал. Әр тіл, әр мәдениет — біздің байлығымыз. Жастар соны сезініп өссе, қоғам берік болады. Мен олардың болашағына сенемін. Себебі достық пен бірлік олардың таңдауында бар.

Данияр Жетпісов -Зеренді ауданы жастар ресурстық орталығының басшысы