Мен өмірімнің көп бөлігін ауылда өткізген зейнеткермін. Біздің ауылда әртүрлі халық өкілдері бірге тұрды. Бірі – неміс, бірі – кәріс, бірі – қазақ, бірақ бәріміз бір отбасыдай болдық. Мерекелерді бірге атап өтетінбіз. Қуанышта да, қиындықта да жәрдемдесетінбіз. Міне, нағыз достық деген осы. Ұлтқа бөлудің керегі жоқ екенін сол кезден түсіндім. Балаларымыз бірге ойнап өсті, бірге мектепке барды. Бүгін олар түрлі мамандық иесі болып, елге қызмет етіп жүр. Олардың жүрегінде бірлік ұғымы қалыптасты. Бұл – біздің ұрпағымыздың жеңісі. Достық пен келісім – мен үшін өмірлік құндылық. Оны қорғау – әрбір азаматтың міндеті.
Серік Баймурзин – Зеренді ауданы билер алқасының бас биі
