Ортақ ел – ортақ үміт
Бір мемлекетте өмір сүріп жатқан халықтардың болашағы өзара тығыз байланысты. Біз бәріміз бір елдің игілігі үшін еңбек етіп келеміз. Сондықтан халықтар арасындағы достық – өмірдің табиғи қажеттілігі. Әр ұлт ел дамуына өз мүмкіндігі мен қабілетіне қарай үлес қосады. Сол үлестер бірігіп үлкен жетістікке айналады. Келісім бар жерде ортақ мақсат айқын болады. Ал мақсат айқын болса, даму да тоқтамайды. Достық адамдарды бір бағытқа жетелейді. Ортақ жауапкершілік сезімі қалыптасады. Бұл сезім жас ұрпақ үшін ерекше маңызды. Балалар татулықты көріп өссе, оны өмірлік құндылық ретінде қабылдайды. Осылайша келісім ұрпақтан ұрпаққа жалғасады. Ортақ болашақ сенім мен бейбітшілікке негізделіп құрылады.
Оралбек Бекішев – Зеренді ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы
