Қазіргі таңда әртүрлі ұлт өкілдері бір ұжымда еңбек етіп жүр. Біз бір мақсатқа жұмылып, бір нәтижеге бірге жетеміз. Әріптестер арасында сыйластық болған жерде жұмыс та алға басады. Ұлттық ерекшеліктерге құрметпен қарау ұжымдағы атмосфераны жылы етеді. Мерекелерде бір-бірімізді құттықтап, дәстүрлерімізбен бөлісеміз. Осындай ортада еңбек ету – үлкен бақыт. Бұл Қазақстандағы келісімнің нақты көрінісі деп ойлаймын.
Ляззат Адилова- Зеренді аудандық ауруханасының лаборанты
